Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
«Дильназ» балабақшасы
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» №319 Заңының 59 бабы, 4-1 тармағына және Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2025 жылғы 07- қараша №1632 бұйрығы бойынша 2026 жылға арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізіміне сәйкес өзін-өзі бағалау құжаттарын жүргізу үшін мынадай құрамда балабақшаны өзін-өзі бағалау аттестаттау комиссиясы 05 тамыз 2026 жылғы № 02 бұйрығымен құрылды:
Аттестаттау комиссиясының құрамы
-
А
Комиссия төрайымы
А.Б.Қуанышбаева
Балабақша меңгерушісі
-
А
Комиссия мүшесі
А.Жарылқасын
Балабақша тәрбиешісі
-
А
Комиссия мүшесі
А.А.Жексенбаева
Балабақша медбикесі
-
М
Комиссия мүшесі
М.Нуруллаева
Балабақша тәрбиешісі
өзін-өзі бағалау іс-жоспары түзілді және соған сәйкес жұмыстар жүргізілді. Бағаланатын кезеңдерге сәйкес талдау жасалатын құжаттар дайындалды және олардың барлығының көшірмелері түпнұсқадан сканерленген ПДФ форматталған файлдарға салынды және балабақшаның ресми сайтына жүктелді.
ЖШС «Дильназ» бақшасы екі жыл және ағымдағы жылдың қаңтар айына дейінгі оқу-процесін зерделеп, оларды білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастырылған мәліметтермен және ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерімен салыстыра отырып, комиссия қызметтің сандық және сапалық көрсеткіштеріне бағалау қортындысын ұсынады.
2026
1. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы
«Дильназ» балабақшасы туралы ақпараттық анықтама
| 1 | Ұйымның атауы | ЖШС «Дильназ» балабақшасы, Түркістан қаласы |
| 2 | Орналасқан жері | Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Абдусттаров к-сі, №22 |
| 3 | Байланыс деректері | 📞 +77075237720 ✉️ Dilnazzbaksha@mail.ru 🌐 dilnazsadik.edk.kz |
| 4 | Басшы | 2025 жылғы 03 наурыздағы №03 бұйрықпен тағайындалған |
| 5 | Мемлекеттік тіркеу | БИН: 180740012122 |
| 6 | Рұқсат құжаттары | KZ12RVK00036452 (08.10.2021) № Х.15.Х№KZ92VBSOO130495 (08.01.2019) |
| 7 | Құрылған жылы | 2018 жыл |
| 8 | Ғимарат түрі | Екі қабатты типтік үлгі |
| 9 | Топтар саны | 3 топ |
| 10 | Оқыту тілі | Қазақ тілі |
| 11 | Жұмыс аптасы | 5 күндік |
| 12 | Жұмыс уақыты | 08:00 – 18:30 (10,5 сағат) |
| 13 | Жобалық әлует | 75 орындық (СЭС қорытындысы). Қазіргі таңда 56 тәрбиеленуші |
Балабақша ғимараты типтік үлгіде. Балабақша үш топты, СЭС қорытынды бойынша 75 орындық, қазіргі таңда 56 тәрбиеленуші жас ерекшеліктеріне қарай 3 топқа топтастырылған. Балабақша аптасына 5 күндік жұмыс істейді, сағат 8.00-бастап 18.30 сағатқа дейін, 10,5 сағат жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 56 тәрбиеленуші 3 топқа «Балдәурен» ортаңғы тобы, «Еркемай» ортаңғы тобы, «Болашақ» ересек тобына. Тәрбиеленушілер мемлекеттік тілде тәрбиеленуде.
Топтар тізімі (56 тәрбиеленуші, 3 топ)
Әрбір топтың өзіндік жеке демалатын, ойнайтын, тамақтанатын, жуынып шайынатын бөлмелері бар. Бұдан басқа меңгеруші кабинеті, әдіскер кабинеті,консультациялық пункт, логопед кабинеттері,мед кабинет, асхана ,қойма, кір жуу блогы бар. Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, кәріз жүйелері автономды.Су орталықтандырылған. Балабақша өрт дабыл түймешесінің автоматты хабарлау жүйесінің, оның ішінде ішкі дыбыстық хабарлау жүйесі және бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинетте емшара бөлмесі, оқшаулау бөлмесі, санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал - сайман жабдықтармен жабдықталған. Балабақша ауласы көгалдандырылған, шырша ағаштары, қара ағаш т.б. жеміс ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңында әр топтың ауласы бөлек, балалардың жас ерекшелігі бойынша түрлі ойнайтын ойыншықтар орнатылған. Сонымен бірге әр аулаға бала отырып демалатын саялы көлеңкелі ойын алаңдары қойылған. Гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған алаңы бар.
Техникалық жабдықтар
- Теледидар 3 дана
- Ноутбук 3 дана
- Компьютер 1 дана
- Принтер 1 дана
- Интерактивті тақта 1 дана
Арнайы бөлмелер мен қауіпсіздік
- 🏢 Меңгеруші кабинеті
- 📚 Әдістемелік кабинет
- 🗣️ Консультациялық пункт
- 🧠 Логопед кабинеті
- 💊 Медициналық кабинет (емшара + оқшаулау бөлмесі)
- 🔥 Өрт дабылының автоматты жүйесі
- 📹 Бейнебақылау камералары
Топтардағы дамытушы кеңістік орта
Ата-аналар үшін топта «Денсаулық бұрышы»,«Қауіпсіздік ережелері» жылжымалы папкалар безендірілген. Әр топта «Денсаулық»,«Біртұтас тәрбие» «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру негізінде «Ұлттық бұрыш», «Ойыншықтар сөресі», «Кітап бұрышы», «Табиғат бұрышы», дамытушы кеңістік орта жасақталған.